Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ұлы махаббаттың күші

Барлығымыз бала кезімізден бері Қозы көрпеш пен Баян-сұлу туралы қайғылы махаббатты білеміз.

Ата-аналары балалар дүниеге келмей тұрып, оларды атастырып қойған еді. Бірақ Баянның әкесі Қарабай сертін бұзып, қызын жергілікті жігіт Қодарға тұрмысқа беруге бел буады, сол Қодар екі жастың арасына түседі. Осы мәңгілік махаббат үшбұрышындағы талас-тартыс кезінде Қозы қаза табады.

Қайғы жұтқан Баян Қозының қазасы үшін кек алуға бел буып, айлакерлікке барады. Қодар ол үшін қайнар бұлақ суы бар құдық қазса ғана оған тұрмысқа шығамын деп уәде береді. Қодар жұмысына кіріседі, ал Баян оған «көмектеседі», бойжеткеннің шашын ұстап тұрып, Қодар құдықты қазады. Баян кенет шашын кесіп тастайды, сол кезде Қодар тұңғиыққа құлап түсіп, қаза табады. Баян Қозы үшін кегін қайтарды.

Сүйген адамысыз өз өмірін елестете алмаған бойжеткен сүйіктісінің мәйітінің басында қанжармен өзін өлтіреді.

Міне, он бес ғасыр бойы ержүрек жігіт Қозы-көрпеш пен көрікті бойжеткен Баян сұлудың есімдері бірге аталып келеді және шынайы махаббат пен адалдықты кейіптей отырып, күні бүгінге дейін өзекті болып келеді.

15 сәуірде бүкіл қазақстандықтарда ғашық жандарға арналған ерекше мерекені атап өтеді. Осы айтулы мерекеге орай 2014 жылғы 15 сәуір күні ҚМУ-дың акт залында «Қозы – көрпеш» атты жігіттер арасында романтикалық байқау болады, онда батыл жігіттер өзінің ақылымен, әрі өнерімен университетіміздегі ең әдемі, ең ақылды қыздың жүрегін жаулау үшін сайысқа түседі.


PDF