Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қайырымдылық концерті

2014 жылдың 10 мамырында Қалалық балалар шығармашылығы мектебінде (Пионерлер сарайында) қызына жедел медициналық көмек талап етілетін, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы Е.В. Ерусалимскийді қолдау мақсатымен қайырымдылық концерті өтті.
 


Бұл іс-шараны А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономикалық факультетінің деканатының қолдауымен экономика кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидиаты Байжанов С.Б. ұйымдастырды. 
 


Іс-шараға біздің жоғарғы оқу орнымыздың қабырғасында білім алып жатқан дарынды жастар қатысты, атап айтқанда қаламыздың үздік би топтары: CostaRika, InterDance, I can, Fox Crew. Әншілер - Шукпарова Шолпан, Da Amigos тобы. Вокалды аспаптық топтар - The Grateful, Eres. Сиқыршы-иллюзионист Торехан Жуманов. 

Концерт жоғары деңгейде өтті. Барлық билеттер толығымен сатылып кетті және сатудан түскен ақша сахнадан Е.В. Ерусалимскийге табыс етілді. 

 


PDF