Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Назарбаев зияткерлік мектебі»

 

 

2014 жылғы 29 мамыр күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында университетіміздің жеке құрамымен және студенттермен «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ адам ресурстарын дамыту бойынша департаментінің директоры Алмагүл Медихатқызы Қанағатовамен кездесу болды.

 


Кездесу барысында департамент басшысы Алмагүл Медихатқызы «Назарбаев зияткерлік мектебі»  ААҚ қызметі туралы және Қостанай қаласында ашылайын деп отырған мектеп жайында баяндама жасады.

Қазіргі таңда зияткерлік мектепте 9700 оқушы білім алатынын тілге тиек етті.

Кездесуде көпшілік өз ойында жүрген сауалдарын қойып, мектепке қалай жұмысқа тұру қажеттілігін және балаларды қалай орналастыру керектігін сұрап, өзара әңгіме дүкен құрысты. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



PDF