Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ағаш көшеттері отырғызылды

2014 жылғы 30 сәуір күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде жылдағы дәстүр бойынша  факультет деканы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Марат Байкенов және қызметкерлер және 2014 жылғы оқу бітіруші түлектер бірігіп, ағаш көшеттерін отырғызды.

Бұл бастаманы осыдан бірнеше жыл бұрын факультет әкімшілігінің бастамасымен іске асырылып келеді. Игі бастамаға факультеттің 5 курс студенттері ғана емес, сонымен қатар келер жылы бітіретін 4 курс студенттері де қатысты.




PDF