Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Түлектер аллеясы

2014 жылғы 13 мамыр күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ағаш көшеттері отырғызылды. Барлық факультет студенттері университеттің екінші ғимаратының жанындағы саяжолға шықты. Бұл бастама осыдан бірнеше жыл бұрын іске асырылып, дәстүрге айналды. Жыл сайын түлектер, бірінші курс студенттері мен оқытушылар мамыр айының басында саяжолға шығады. Бұл күні 70-тен астам студент іс-шараға қатысты. Барлығы 50 ағаш көшеттері отырғызылды.

                                



PDF