Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Шапағат» республикалық өнертапқыштық саласында жетістіктерінің байқауы өтті

2014 жылғы 22 мамырда Астана қаласында «Шабыт» шығармашылық сарайында «Шапағат» республикалық өнертапқыштық саласында жетістіктерінің байқауы өтті.

Байқаудың міндеті: ҚР-дағы зияткерлік меншіктің маңызын арттыру, елдің инновациялық дамуына қосқан үлесін насихаттай отырып, өнертапқыштардың беделін өсіру, өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестиция тартуға көмектесу,  өнертапқыштар мен олардың жұмыстарының қоғамда алар орнын айқындау.

Бұл сайыс ҚР Әділет министрінің 10.03.2010 ж. № 79 бұйрығымен, ҚР Білім және ғылым министрінің 22.02.2010ж. №77/1 бұйрығымен, ҚР Индустрия және сауда министрінің 10.03.2010 ж. № 74 бұйрығымен бекітілген «Шапағат» республикалық өнертапқыштық саласында жетістіктерінің байқауын өткізу ережелеріне» сай өтті.

Сайыс келесі номинациялар бойынша өтті:

- «Жыл өнертабысы» - екі жүлде

- «Өнертапқыш әйел адам» - екі жүлде

- «Ең жас өнертапқыш»

- «Ең белсенді өнертапқыш»

- «Жас дарын»

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі VII Астана экономикалық форумының аясында өтті.

 

 

Сайыс қатысушыларын марапаттау рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі А. Б. Сәрінжіпов қатысты. Ведомство басшысы жеңімпаздарға «Шапағат» бағалы статуэткасын, диплом және ақшалы жүлделер табыс етті.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Қазақстанның инновациялық дамуына үлес қосқаны үшін» Шапағат дипломымен марапатталды. 

 

 


PDF