Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Студенттік көктем 2014» студенттер фестивалі

2014 жылғы 15 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облыстық жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Студенттік көктем - 2014» фестивалінің ашылу салтанаты болды.

 

 

Жарысқа Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институты, Рудныйдың пединституты, Қостанай қаласынан З. Алдамжаров атындағы әлеуметтік техникалық университеті, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік және экономикалық университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.


Біздің ҚМУ-дің студенттері әр сайысқа үлкен дайындықпен барғандарын көрсетті. Мәселен көңілді тапқырлар отауының жігіттері, барша халықты шынайы күлкіге қарық қылды. Ал айтыстың ақтаңгер ақындары суырып салмалықтарымен, орақ тілді  от ауызды ақын екендерін көрсете білді.

Сайыс 2 күнге созылады. Біздің тек студенттердің бақтары жанып, жүлделі болса, нұр үстіне нұр болар еді, - дейміз.

 


PDF