Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Бос орын жәрмеңкесі - 2014»

2014 жылғы 16 мамыр күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 2 ғимаратында оқу орнымыздың биылғы оқу бітіруші түлектері мен жұмыс берушілер арасында «бос орын жәрмеңкесі – 2014» атты  жәрмеңке ұйымдастырылды.

 

Жылдағы дәстүр бойынша биылғы жәрмеңкеге 78 жұмыс беруші ұйыммен университетіміздің 7 факультетінің көптеген оқу бітіруші түлектері қатысты.

Биылғы жәрмеңке өте белсенді өтті. Бағы жанған студенттер өздеріне лайықты дипломына келетін жұмыстар тауып, көптеген жастар жұмыс берушілермен келісімге отырып жұмыс тапты.

Жәрмеңкені ұйымдастырушы ҚМУ-дің қызметкерлерінің айтуы бойынша бұл дәстүрге айналған іс шараның жастарға берер пайдасы мол екен.

 

Факультеттер

Шақырылған жұмыс берушілер саны

Тіркелген жұмыс берушілер саны

Заң

 

6

5

Ақпараттық технология

15

12

Аграрлық-биологиялық

11

10

 

Экономика

 

12

14

Ветеринария

 

15

17

әлеуметтік -гуманитарлық

 

11

10

Инженерлік-техникалық

 

10

10

 

Барлығы

 

80

 

78

 



PDF