Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттерге диплом берілді

 

2014 жылғы 24 маусымда А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің акт залында Университетіміздің гуманитарлық-әлеуметтік факультеті студенттеріне диплом табыс ету рәсімі өтті.

Бұл факультетті биыл бас-аяғы 174 студент тәмәмдап, оның 40-қа жуығы үздік дипломмен аяқтады.

 

 

Салтанатты рәсімде факультет басшылары сөз сөйлеп, болашақ маман иелеріне сәттілік тіледі.

Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде 8 кафедра жұмыс істейді, оның 5-і арнайы түлектерді шығарады.


PDF