2014 жылғы 17 маусым күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің аграрлық-биологиялық факультетінің өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының бітіруші түлектері өз дипломдық жобаларын алғаш рет өндірістік орындарында қорғады.
Осындай дипломдық жұмысты қорғау облыс орталығында орналасқан «Виктория» шатханасының банкет залында іске асты. Аталмыш шатханада 9 студент диплом жұмысын ойдағыдай қорғап, ал студент Екатерина Вишнякова үздік дипломға үміткер екенін дәлелдей алды.
4 жыл бойы көз майын тауысып, білім нәрімен сусындаған студенттер сыраның, тәтті тағамдардың, салаттардың жаңа технологиялары туралы айтып, өз жұмыстарын мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында қызықты, әрі сәтті қорғай білді.
Комиссия құрамы өз саласының білгір ғалымдарынан құралған. Комиссия құрамына «Космис» ЖШС-нің бас технологы Елена Николаевна Речкина жетекшілік етіп, әділ бағасын берді. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған өндірістік дипломдық жобаның болашақта студенттерге берер пайдасы мол. Бұл шараның басқа диплом жобаларын қорғаудан айырмашылығы, ертең студенттер жұмысқа тұратын кезде, оларға беретін пайдасы зор.