Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Білім ордасына құнды кітаптар тарту етілді

2014 жылғы 27 тамыз күні А. Байтұрсынов  атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу залында  белгілі жазушы, баспагер, халықаралық  кітап жәрмеңкесінің бас жүлдегері Райхан Мәженқызымен кездесу өтті.

 

 

Райхан Мәженқызы Мәскеу қаласындағы «Художественное литература» баспасынан шыққан 3 томдық  балалар әдебиетіне  еліміздің ақын-жазушыларының проза және поэзия  еңбектері кірген әлем тілдеріне аударылған құнды кітаптарды және басқа да қазақ жазушыларының әлем тілдеріндегі кітаптарын оқу ордамыздың кітапханасына тегін тарту етті.



Кездесу барысында жазушы студенттерге кітаптардың әлем тілдеріне тәжімалау  тарихымен таныстырып, өз өмірінен сыр шертті.

 


Қазақ жазушыларының еңбектері әлем тілдеріне аударылып, олардың оқырман аудиториясының кеңеюі бізді қатты қуантады.


 

Тағы бір қуантар жағдай ол жоғарыда айтып кеткен еліміздің жазушыларының ішінде университетіміздің мақтанышы, орақ тілді ақын- жазушы Ақылбек Шаяхметтің де еңбектерінің кіргені болып отыр.

 

ҚМУ-дің баспасөз қызметі

Мейрам Оспанов

 


PDF