Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Алтын қалам» иесі - Ақылбек Шаяхмет

Республикалық «Алтын қалам - 2014» тәуелсіз әдеби байқауы өз мәресiне жеттi. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2014 жылдың 10 қыркүйек күні Алматыда Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық музыкалық аспаптар мұражайында өтті. 

 «Жылдың ең үздік драматургиясы» аталымы бойынша «Ыбырайдың өсиеті» деп аталған пьесасымен біздің жерлесіміз Ақылбек Шаяхмет жеңімпаз атанды. Ол жылдың ең үздік драматургы деп танылды.  Оқырмандардың есіне салатын жайт, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге арналған аталмыш пьеса орыс тіліне аударылған.



Биылғы жылдың 10 қазанында ол Қостанайдағы орыс драма театры сахнасында қойылады. Спектакльде басты рольді Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының актері Қоңысбай Бекайдаров ойнайды.

Қанжығасы майланған жерлесіміз, әрі университетіміздің профессоры, белгілі ақын А. Шаяхметті осынау қуанышымен бізде шын жүректен құттықтаймыз. Қаламыңыздың сиясы кеппей, әрдайым биік шыңдардан көріне беріңіз.


PDF