Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Ел ертеңі» ЖҚБ қоғамдық тыңдауы өтті

2014 жылғы 8 қыркүйек күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің конференц-залында Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері қоғамдық тыңдау өткізді.

 

 

Тыңдау жұмысына Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Е. Қалмақов, «Ел ертеңі» жастар бірлестік қоғамының төрағасы Б. Қалиев және ҚМУ-нің студенттері мен оқытушылары және  басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

 

 

Отырыс барысында өзекті сұрақтар талқыланып, «Ел ертеңі» жобасының атқарылған жұмыстары сөз болды.

Аталмыш басқосуда Ы. Алтынсариннің Торғай даласындағы алғашқы ашқан мектебіне 150 жыл толуына орай, болашақта атқарылатын іс-шаралар жоспарын алға тартты.

 


PDF