Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Семинар- кеңес өтті

 

2014 жылғы 23 қыркүйек күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Қостанай аймақтық «Астана қаласы аймақтық технопарк» ЖШС-тің  («НАТР» АҚ құрылымдық бөлімшесі) инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, Қостанай облысындағы кәсіпкерлерге және ғалымдарға арналған индустриальдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау аясында семинар-кеңес өтті.



Соңғы 10 жыл ішінде «НАТР» АҚ желісінде 400 қазақстандық инноваторлар мемлекеттік қолдауға ие болды. 2010-2013 жылдары «НАТР» АҚ 1300 өтінішті қарастырып, оның ішінде жалпы сомасы 9,3 млрд  теңгені құрайтын 210 грантқа қолдау көрсетілді.



 Семинарда Университет ректоры А. Нәметов құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін Қостанай аймақтық «Астана қаласы аймақтық технопарк» ЖШС-і мен  «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қостанай аймағында инновациялық қызметті және технологиялық трансфертті бірігіп арттыруға байланысты екі жақты әріптестік туралы меморандумға қол қойды.





PDF