Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

18 қазан – Қазақстанда рухани келісім күні

 Осы жылдың 18 қазанында Қазақстандағы Рухани келісім күнінің  22 жылдығын атап өтуде.

22 жыл бұрын 1992 жылы 18 қазанда Алматыда Әлемдік Рухани Келісім конгрессінің бірінші сессиясы болып өтті. Алғаш рет адамзат тарихында руханилық мәселелері толғандыратын барлық діндердің, рухани қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстелдің басында жиналды.

Конгрессті өткізу уақыты кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Осыдан 100 жыл бұрын осындай съезді шақыруды АҚШ-тың Чикаго қаласында өткізуге талпыныс жасалған болатын, өкінішке орай жүзеге аспады.

І Дүниежүзілк Рухани Келісім Конгрессіне қатысушылардың қабылданған Манифесінде 18 қазанды Рухани Келісім Күні деп жариялап, бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақынына көмек күні деп таныды.

Осылайша 18 қазанда жыл сайын біздің елімізде Рухани Келісім Күні аталып келеді. «Дінаралық сыйластық! Еш қақтығыссыз! Қайырымдылық пен ізгілік!» - Рухани Келісім Күнінің негізгі қағидалары болып табылады.

Осы жылы аталмыш мереке әлемде руханилық, адамгершілік, толеранттылықты насихаттау тұрғысынан республикалық көлемде аталып өтілуде. 2014 жылдың 22 қазанда діни зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 2 курс  студенттерімен «Руханилық сабақтары» тақырыбына «Марал Ишан» мешіттің азаншысы Хасенов Саятпен кездесу өткізілді. Студенттер кездесуге белсенділік танытып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, түрлі мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Кездесу ілтипатпен өтті. 

 


PDF