Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Битва умов ЭФ - 2014» интеллектуалдық ойыны

 

2014 жылдың 17  қазанында №2 ғимараттың 103 дәрісханасында Экономикалық факультеттің «Спарта» интеллектуалдық клубымен ұйымдастырылған «Битва умов ЭФ - 2014» интеллектуалдық ойыны өтті. Ойын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 75-жылдығына арналды. Дәстүр бойынша ойынға экономикалық факультет мамандықтарының 1 курс студенттерінен құралған топтар қатысты. Қызу тартыс нәтижесінде бухгалтерлік есеп және аудит құжырасының «Планы на осень» тобы жеңіске жетті және білім нышаны -«Үкі» мүсіншесінің иегері болды.

Ойынның барлық қатысушыларына белсенді ат салысқандары үшін мақтау қағаздары табыс етілді, ал «Битва умов ЭФ - 2014» ойынының үздік ойыншысы болып 5В050800-Есеп және аудит мамандығының 1 курс студенті Андросова Карина аталды.





PDF