Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ұлы ағартушы туралы пьеса сахнада

Қостанай облыстық орыс драма театры өз тарихында  қазақ жазушылары Сәкен Жүнісовтің «Ажар мен ажал» (1967), Нұрлан Оразалиннің «Шырақ жанған түн» (1982), Ғабит Мүсіреповтің«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1991) , Мұхтар Әуезовтың «Абай» (1995) пьесаларын сахнаға шығарған болатын. Өткен жылы театр жергілікті авторлар Қабылахат Сейдахмет пен Людмила Фейфелованың «Ақ келін» деп аталған драмасын сахналады. Ол ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсыновтың құдай қосқан қосағы Бәдірисафаға арналды.

 


Биылғы жылы да театр осы игі дәстүрді жалғастырды. Театрдың биылғы маусымы қостанайлық драматург, ҚМУ профессоры Ақылбек Шаяхметтің 2014 жылы «Алтын қалам» сыйлығына ие болып, жылдың ең үздік драма атанған «Ыбырайдың өсиеті» спектаклімен ашылды. Бұл сахналық туынды Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында ашқан мектептің 150 жылдығына арналған.



Спектакльді қойған Қостанай облыстық орыс драма театрының бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Лиопа. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринның рөлін Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қоңысбек Бекайдаров сомдады. Оның Ыбырай өлеңдерін екі тілде бірдей айтуы да халыққа жақсы әсер етті. Спектакльде ойнаған орыс актерларының киім-кешегі мен жүріс-тұрысы да көрермен көңілінен шыққан секілді.

 


Аталмыш пьеса қазіргі уақытта Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық мұражайында қойылып жатыр. Оған мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта спектакльді Торғай өңіріне, Ыбырай қазақ мектебін ашқан мекенге апарып көрсету жоспарланып отыр.


PDF