Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Елбасының сұхбаты насихатталуда

2014 жылғы 1 қазан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлытау етегіндегі ой» айтылған бағыттарды насихаттауға арналған  конференция өтті.

Конференцияға оқу орнымыздың басшылары, профессорлық - оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері, студенттер және жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдерінен (облыстық «Қостанай таңы» газеті, «Костанайский новости» аймақтық газеті, «Біздің Қостанай» қалалық газеті, «Жастар ТВ» телеарнасы, «Білім жарысы» газеті, «Жас өркен – Қостанай» республикалық журналы)   60 –тан астам адам қатысты.

Бас қосуда профессор С. Қолдыбаев, белгілі ақын-жазушы, профессор А. Шаяхмет және студенттер  баяндамалар  жасады.

Конференция соңы студенттермен аға буын өкілдері арасындағы еркін пікірталаспен өрбіді. 


 

 

 

 

 

 

 


PDF