Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Арулар отауы» клубы ашылды

2014 жылы 19 ақпан күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің конференция залында алғаш рет Университеттің студент қыздарына арналған «Арулар отауы» мәдени-тәрбие клубы құрылды.

Бұл клубтың кейінгі жас студент қыздарға беретін тәлім-тәрбиесі мол. Аталмыш клубтың жетекшісі гуманитарлық – әлеуметтік факультеттің 3 курс студенті, белгілі тіл шешені дебатшы Гүлім Опина.

Клубтың ашылу салтанаты университет деңгейінде өтті. «Арулар отауының» тұсаукесер кешінде С. Оспанов, Ә. Беркенова,  А. Шаяхмет, М. Кадралинова  аға-апаларымыз өздерінің ойларымен бөлісіп ақыл-кеңестерін берді. Алдағы уақытта ұйымның биік белестер мен мен асуларды бағындырарына ниеттерін білдірді.

Кеш соңында қазақ филологиясы мамандығының студенттері Наргүл Қарағұлова мен Арсбек Бағдаулет өздерінің туындыларын оқып, қыздарға тән сұлулық пен батылдықты суреттеді. Ашылу салтанатында  қазіргі таңдағы қыз мәселелері жөнінде бейнежүгіртпелер көрсетілді.

Бізде студент жастардың тың ойынан осындай әдемі туындының өмірге сәтті келуімен құттықтаймыз. Тәй-тәй басқан жас клубтың жастарға берер ғанибеті көп болсын.




 

Қазақ филологиясы мамандығының  

студенті,  Алпыс Маржан 

 

PDF