Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Аңызға айналған журналистпен кездесу

2013 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Қостанай мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығының магистранттары мен студенттеріне шеберлік сыныбы өткізіліп жатыр. Екі апталық оқуды аты аңызға айналған Мәскеу қаласындағы Медиаиндустрия Академиясының профессоры, Радиожурналистика және интернет кафедрасының меңгерушісі,  халықаралық-журналист, РR-менеджер Кипрас Мажейка өткізуде.

Семинарда ең басты өзекті тақырыптар қазіргі таңда баспа БАҚ-тарының «өз бетінше өмір сүру» мүмкіндігі, телеарналарда интернет кеңістігінің белсенді даму жағдайлары сөз болады. Семинар аясында Кипрас Мажейка жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында болып, журналистермен кездеседі.

 


PDF