Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Азаматқа құрмет – елге ізет

2013 жылдың 12 желтоқсанында еліміздің мақтанышы, белгілі ақын, өзіміздің жерлесіміз, қарымды қаламгер, Қостанайдағы Ахметтанушы, 32 жыл республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысы бойынша тілшісі қызметін атқарған, өмірінің соңғы уақытында облысымыздағы маңдай алды оқу орнының бірі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде істеген, марқұм Байтұрсын Ілиястың келер жылы 75 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жоспарды талқылау үшін, Қостанай облыстық әкімдігінің маслихатында кезекті отырыс өтті.



Осы отырысқа Университетіміздің ректоры атынан тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Б. Қалиев қатысып, Б. Ілиястың мерейтойы туралы жоспарды талқыға салып, оң шешім қабылдады.

Оқырманнан ең басты сүйінші, ақын-жазушының өзі  тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылатын болып шешім қабылданыпты. Бір айта кететіні ақынның мерейтойы, өзі істеген білім орданың 75 жылдық мерейтойымен бірге тұспа-тұс келіп отыр. Бұл да аталмыш оқу орны басшыларының көреген саясатының арқасы және өз қызметкерлерін ұмытпай әрқашан да зор құрметпен қарайтындығын көрсетіп отыр.

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF