Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Болашақ» дәрісі

    21 қазан күні басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының бітіруші курс студенттеріне арналған мемлекеттік акция аясындағы «Болашақ» дәрістері ашық дәрісі болып өтті. Лектор – «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, Тулегенова Жанна Викторовна. Дәрістің тақырыбы: Форсайт. Жанна Викторовна аталмыш тақырыппен айналысатын Қазақстандағы жетекші мамандардың бірі болып табылады.

       Дәрісте «форсайт» түсінігі, оның маңызы, сонымен қатар оның теориялық негіздері ашылды. Ең алдымен форсайт қазақстандық жағдайда ең алдымен өзгерістерді есепке ала отырып болашақты дамытуға арналған баламалы бағыттарды құру; технологияларды таңдауды басқару мен көрінбейтін жағдайларға дайын болу үшін керек екендігіне баса көңіл аударылды.  Студенттер форсайттың қолданбалы мағынасы мен оның қоғамдық өмірге деген әсерін игерді.

        Дәріс студенттермен диалог түрінде өткізіліп, соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды. Жанна Викторовнаның жас экономистер арасындағы «Жас сарапшы-2013» Республикалық сайысқа қатысушы, МжБ мамандығының  4 курс студенті Зигова Аленаның «Форсайт – жоспарлау құралы немесе болашақты жоспарлаудың жүйесі ретінде» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы қызығушылығын тудырды.

 


PDF