Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттік конференция өтті

2015 жылғы ақпан күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің конференция залында «СТУДИК – как одна из форм развития студенческого самоуправления» атты ЖОО аралық студенттер конференциясы өтті.

Конференцияны «СТУДИК» халықаралық жобасының жұмыс тобы және ҚМУ-дің жоғары студенттер кеңесі ұйымдастырды.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ жастар бастамаларын дамыту орталығы, М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ және ЧелМУ студенттері студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың проблемалары бойынша қызықты баяндамалар жасады.

ҚР ІІМ Қостанай академиясының тыңдаушылары, ҚМПИ және ҚМУ-дің жастар бастамалар орталығының студенттері конференцияға белсене ат салысты.

Конференция соңында қарар қабылданды. Студенттер ЖОО аралық студенттік ынтымақтастық Клубын ұйымдастыруға шешім қабылдады.

 


PDF