Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Университет имиджі үшін

2014 жылғы  5 қараша күні  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің жастар бастамаларын дамыту орталығының мектеп-колледж түлектерін кәсіби бейімдеу жұмыс жоспарына сәйкес, «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Қостанай облысының колледждер арасында «Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасына» арналған облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Еліміздің дамуына бей-жай қарай алмайтын студенттер зейнетақы реформасының  қаншалықты  біз үшін маңызды екенін, оның бүгіні мен ертеңі жайлы өз идеяларымен бөлісті. Турнир барысында ең мықты пікір-сайысшылар топтары белгіленіп, олармен әрмен қарай жүйелі түрде кездесулер өтеді деп белгіленді. Қостанай политехникалық колледжінің басшылығы  осы турнирді ұйымдастыруға ат салысқан «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубына ерекше  алғыс блдірді.





PDF