19 қазанда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ стадионында жеңіл атлетикадан «Денсаулық күніне» арналған жарыстар өтті.
![]() |
![]() |
![]() |
Жарысқа университеттің 1,2 курс студенттері, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты. Жарысты өткізудің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер мен оқытушыларды дене шынықтыру мен спортпен айналысуға тарту.
Салтанатты ашылу мерекесінде спортшыларды спорт ардагерлері, проректорлар мен университеттің спорт қайраткерлері құттықтады. Спортшылар 6 жас санаты бойынша 1000 метрлік қашықтықта жарысты.