Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

"Экология" мамандығының студенттері А.В. Андрющенкомен кездесу өткізілді

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Білім орталығында 11 желтоқсан күні 5В060800-Экология мамандығының студенттері тарихи-өлкетану мұражайындағы табиғат бөлімінің бас ғылыми қызметкері А.В. Андрющенкомен кездесу өткізілді. Қостанай қаласын жасылдандыруға байланысты сұрақтар талқыланды, қалалық ландшафтты құрайтын дендрологиялық талдау жасалынды.

Қостанай қаласында жасыл құрылыс бойынша жүргізілетін жұмыстар алуан түрлі ағаш өсімдіктерін пайдалануымен тығыз байланысты. Құрылатын көгалдандырудың қалыптасу мерзімі, санитарлы-гигиеналық және эстетикалық сапа егілетін өсімдіктердің техникалық және сәнді қасиеттері толық қамтамасыз етеді. Қандай да егістің қолайлы өсімі және шаруашылық тиімділігі негізгі және қосымша жыныстарды дұрыс таңдауына тәуелді.

Урбандалған ландшафт жағдайында қолайсыз қалалық факторға қарама-қарсы күрестің ең тиімді әдісі – жасыл зоналарды құру. Жасыл зоналар қуатты фильтр ролін атқарады, зиянды заттардан ауаны тазартады. Бұнда олардың үлкен санитарлы-гигиеналық және сауықтыру маңызы бар. Қостанай қаласының көгалдандыруы құрылыспен бірге шығармашылық ансамблді құрайды. 


 


PDF