Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ел қалаулылары ел арасында

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Парламент депутаттары еліміздің аймақтарын аралауда.  

Осы іссапардың бірі 2014 жылғы 11 ақпан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Құсайын Хасенұлы Валиев,  мәжіліс депутаттары Ирина  Петровна Аронова және Тәңірберген Маратұлы Бердіоңғаров ат басын тіреді.

Ел қалаулылары өздерінің іссапаралары барысында  университет ұжымымен және студенттермен кездесіп, Елбасымыздың биылғы жолдауын қарапайым халыққа түсіндірді.

Басқосуда Елбасымыздың Жолдауы талқыланып, көптеген сұрақтар қойылды. Университетіміздің ректоры Асқар Нәметов кездесуді ашқаннан кейін, депутаттар Елбасы Жолдауына байланысты өңірде қолға алынған тапсырмалар мен міндеттерге тоқталып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын шешуде бірлесе жұмыс жасау керектігін айтты. Сондай-ақ, Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша нақты тапсырмаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Университетіміз туралы жақсы лебіздер айтылып, проблемалық сұрақтар да қойылды. Оның бәрін тыңдап болған соң, депутаттар осы мәселенің барлығын Үкімет басшысына жеткіземіз деп,  уәде берді. 

Университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамымен де депутаттар арнайы кездесті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           


ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов 


PDF