Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Ел тағдыры – менің тағдырым» пікір-сайыс турнирі

17 –ші қараша күні білім ордамызда «Ел тағдыры – менің тағдырым» атты тақырыбында пікір – сайыс турнирі өтті.  Қазақ және орыс лигасынан  18 команда қатысты.

Дүбірлі пікір-сайыс додасы бірнеше оқу орындарынан келген ой-өрісі кең, сөзге жүйрік жас таланттардың бір-бірімен бақ сынауына үлкен жол ашты.  Қоғамдағы өзекті деген 5 тақырып таңдалып алынып, қатысушылар тарапынан қызу талқыланды.

 

Жүлделі орын үшін болған финалдық ойын өте тартысты өтті. Ақтық мәреге «Мен қазақпын» және «Статус» командалары шығып, нәтижесінде, «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының «Мен қазақпын» (Ш.Серікбаев, А.Идрисова) командасы иеленді. Бұл команда бүкіл турнир бойы өзінің жеңіске деген ұмтылысын, білімділігін көрсете білді.  Ал сөз шешендігімен көзге түсіп, «Үздік спикер» атағы осы команданың ойыншысы, Шәкәрім Серікбаевқа бұйырды.

Ал жүлделі 2-ші орынды оқу ордамыздың «Статус» (И.Кәкімбек, Ж.Жантықбаева) командасы иеленсе, 3 орынға ҚМПИ – дың «Алланың сүйікті құлдары» (Қ.Бектұрғанов, Б.Аканбаев) командасы қол жеткізді. 

 

Орыс лигасына келер болсақ, дәйекті  дәлелдері мен  ұшқыр ойларын ұштастыра білген « Kinders » (А.Лян, О. Кнаус) командасы жеңіске жетті. Жүлделі 2-ші орынды «Бродяги» (Д.Каршига, С.Манасбаев) командасы иеленсе,  Ал «үздік спикер» номинациясына жүзден жүйрік шыққан, осы команданың мүшесі Серік Манасбаев болып танылды. 


Сайыс соңында барлық жеңімпаздарымызға университет атынан арнайы кубоктар мен дипломдар табыс етілді. Осылайша өткізілген турнир өз мәресіне жетіп, командалар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.


ҚМУ студенттік «Баспасөз қызметі»


PDF