Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Мистер ФИТ» байқауы

2014 жылдың 13 қазанында Ақпараттық технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен «Мистер ФИТ» байқауы өтті. Байқауға факультетіміздің ең үздік деген 6 жігіт сұлтандары қатысты. Сайыс барысында «ЕТ және БКЕ» мамандығынаң 1 курс студенті Ғалым Жәнібек пен «Информатика» пәнінің 1 курс студенті Рауыл Олжас өздерін таныстыру бөлімінде-ақ жақсы қырынан  көрсете білді. «Шебер қолдар» бөлімінде қатысушы сұлтандар арасынан «Математика» пәнінің  1 курс студенті Сәкенов Орынбасар қарапайым ғана күнделікті заттардан желдеткіш жасаумен таңқалдырса, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті Сабыржан Тойбазар «түндік» деп аталатын түңгі көрінісімен көрермен қауымын таңқалдыра білді. Сайысқа қатысушы үміткерлеріміз өз өнерлерін көрсетуге келгенде бірінен-бірі асып түсті. Бірі биімен, бірі әнімен, бірі көркем сөз мәнерімен таңқалдырып жатырса, енді Аманжод Мадияр «Информатика» мамандығының 1 курс студенті қазақ домбырасын өзіне серік ете білді. Әрине, бұл сайыста жігіттер әзілкештертік қырларында ашып көрсетті. Және соңғы «Ас мәзірі» сайысында қатысушы үміткерлеріміз тек қана өнермен шектеліп қалмай, аспаздық қырларынанда ашылуына мүмкіндік ала отырып, өздері дайындаған әр түрлі дәмді тағам түрлерін әділ қазылар алқасына ұсынды. Бұл бөлімде ең шебер аспаз ретінде «Информатика» мамандығының 2 курс студенті Ерболсын Ахановты атап кетуге болады.

Сайыс барысында өзін сан қырлы жағынан үздік көрсете білген Ғалым Жәнібек, көрермендер арасынан көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасы барлық қатысушыларымыз «Мистер ФИТ» атағына лайық екені айта кетіп, дегенмен, факультетіміздің ең өнерлі, өнертапқыш, аспазшы, сегіз қырлы бір сырлы жігіті, «Информатика» мамандығының 1 курс студенті  Рауыл Олжас «Мистер ФИТ» атағына әбден лайықты деп танылып, марапатталды. Сайыстың ұйымдастырылуы мен өту барысы ұнағаны барлық көрермен жанарларынан анық көрініп тұрды.


 

PDF