Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Ойлар сайысы» интеллектуалды жоба ойындары

      2014 ж. 25 желтоқсанында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында  «Ойлар сайысы» интеллектуалды жоба ойындары өтті. Оған экономика факультетінің «Спарта» интеллектуалдық клубының («Қаржы» және «Есеп және аудит»  мамандықтарының 1 курс стдеттері) құрама командасы қатысты.


      

      Ойынды ұйымдастыруға Жастар Бастамасы Орталығы мұрындық болды. Ойын такырыбы  болашақ EXPO-2017 көрмесі туралы болды.

      «Ойлар сайысы – бұл тек студенттердің интеллектуалдық дамуының әдісі емес, сонымен қатар қаланың талантты да дарынды жастарын біріктіретін жоба.  Астанада өтетін халықаралық көрме ойын тақырыбы болып текке таңдалмаған.  Тек осындай уақиғалар еліміздің тұрғындарына мақтаныш сыйлап, азаматтарды таңдандырып та, біріктіреді» – дейді, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығының 4 курс студенті, ҚМУ командасының  тренері - Тагленова Меруерт.

 


      Өжет шайқастар мен басқа командалармен және  төрешілермен болған қызу   талас-тартыстар нәтижесінде  біздің құрама мәртебелі үшінші орынға ие болды! Құттықтаймыз!



PDF