Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалдық ойын

2014 жылдың 9 желтоқсанында Экономикалық факультетте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалдық ойын өтті.


 

Ойын үш сатыдан тұрды және оған экономикалық факультеттің барлық мамандықтарының студенттерінен құралған 4 топ қатысты. Әрі қиын, әрі қызық тартыс нәтижесінде 5В050600 - Экономика мамандығының «Несносные» тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары берілді, ал жеңімаз топқа басты сыйлық – кинога билеттер табыс етілді.


 

Ойынның ұйымдастырушысы Экономикалық факультеттің «Спарта» интеллектуалдық клубы болды.



PDF