Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Кәсіби мансапты бастауға дайындық» тренингі

       16-17 қараша күндері 2012 жылғы  «Бота» қоғамдық қоры студенттерімен  «Кәсіби мансапты бастауға дайындық» атты тақырыпта З-ші тренингі өтті. Тренингті Алматы қаласындағы қордың менеджері және Қостанай қаласы студенттеріне жетекшілік ететін Шамурзаева Айжан Надірбекқызы өткізді. Шетелдік үздік бағдарламалар негізінде дайындалған тренинг барысында  мемлекеттік қызметке жету жолдары, жеке бизнесті бастау көздері, оларға жетудің дұрыс бағыттары жөнінде сөз болды..
 


Аталмыш қор осы жолы тағы да ерекше қуанышты жаңалығымен қуантты. Жыл сайын қоғамдық қор өз студенттері арасында үздік оқитындар мен волонтерлық жұмыспен жақсы, ұзақ уақыт айналысқандар арасында конкурс өткізіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлық беріледі. Осы жолы Қостанай қаласынан 8 студент оқу үлгерімі бойынша жеңімпаз болған, оның 4-еуі біздің университетіміздің студенттері.
 

 

Университет ректоры Наметов Асқар Мырзахметұлы біздерге сыйлықты табыстап, игі лебізін білдірді.

 

ҚМУ студенттік «Баспасөз қызметі»


PDF