Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Әлеуметтік-психологиялық тренингтер

Экономикалық факультетте басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының Менеджмент, М және ЖБ, Маркетинг студенттері үшін 2013 жылдың 16-31 қазан аралығында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ  «Практикалық психология лабораториясының» мамандарымен  әлеуметтік-психологиялық тренинг өтті. Студенттер «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу  тренинг(1 курс)», «Өзін-өзі табысты көрсету тренингі (4 курс)», «Топтық өзара қарым-қатынас тренинг», «Лидерлік қасиеттерді дамыту тренингі» (2- 3 курстар).

Тренинг барысында шағын топта жұмыс, топтық пікір алмасу, психологиялық гимнастикалық жаттығулар, жағдайды  жаңғыртулар қолданылды. Тренинг соңында «кері қатынас» анкетасы алынды. Жаттығулар кезінде топқа жақсы әсер етіп, топтың табысты жақсы жұмыс істеуіне ынталандыра алатын көшбасшылар анықталды. Осындай тренингтерді ұйымдастыру  студенттердің топтағы қарым-қатынастарын нығайтады, оқу процесіне және жеке тұлға ретінде дамуына және кәсіби жетілуіне септігін тигізеді. 

 

 

 

 

 


PDF