Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Мен- қаржыгермін» интеллектуалды ойынды өткізу жөнінде (мамандығы бойынша үздік»)

 

     Экономика факультетінде әдістемелік инновация айы аясында «Қаржы және банк ісі» кафедрасы «Мен-қаржыгермін (мамандығы бойынша Үздік») атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойынға 4 топ қатысты - 2 және 3 курс студенттері.

       Қазылар алқасының құрамына «Ресей Жинақ Банкі»  АҚ ЕБ ҚФ карточкалық өнімдер және эквайринг бөлімінің бастығы Дускенов Диас, инновациялық білім беру технологиялары зертханасының меңгерушісі Айткужинова Сауле Нуртасовна, тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасары Абдрахманова Асель Дуйсенгалиевна, 6М050900 –Қаржы мамандығының 1 курс магистранты Аманжолов Батыр шақырылды.

       Ойын 4 кезеңнен тұрды: «Жаттығу« Қаржы туралы шындық немесе өтірік», «Өз ойыны «Ақыл шайқасы», «Қаржылық пирамида», және  «Киноқаржысы» тапсырмасы барлығы үшін.

       Ойын достық жағдайда, ұжымшылдық рухында, топта ойнай білу жағдайында өтті. Топ қатысушылары жоғары теориялық білімдерін, тапқырлығын, шығармашылық қасиеттерін көрсетті.

Бірінші орынды «Finmen» тобының «Қаржы» мамандығы бойынша ТжКБ 2 курс студенттері иеленді.  

      Ойынның қорытындысын шығарғаннан кейін, қазылар алқасының мүшесі «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ ҚФ карточкалық өнімдер және эквайринг бөлімінің бастығы Дускенов Диас осындай іс-шараларды «Жастар жылы» өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті«Қаржы» мамандығының көптеген түлектері банк құрылымында табысты еңбек етуде, еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін бітірушіге қандай талаптар қойылатыны туралы айтылды

    Осындай іс-шаралар өзін-өзі дамытуды  ойлайтын жастардың дәрежесін көтереді, мамандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға бағыттайды.

 

 

 


PDF