Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Халықаралық конференция

          2014 жылғы 19 мамыр күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің конференция залында (Байтұрсынов көшесі, 47) халықаралық TEMPUS жобасы бойынша бағдарламасына сәйкес, «Ресей мен Қазақстанда дәстүрлі өнімдерді өндіру, маркетинг жүргізу және тағамдық қауіпсіздігі жөніндегі магистрлік бағдарламаларды құрастыру және енгізу» атты халықаралық конференция өтті.

          Жұмыс барысында Университетіміздің ректоры Асқар Нәметов  сөз алып, халықаралық TEMPUS жобасының қазіргі таңда Университетіміздің қабырғасында жүзеге асып жатқандығы туралы тілге тиек етті.

международная конференция под названием «Разработка и внедрение магистерских программ по пищевой безопасности, производству и маркетингу традиционных продуктов в России и Казахстане»

          Асқар Мырзахметұлынан кейін Франциядан келген Фредерик Менс жобаның негізгі әрекеттерін, мақсатын және бүгінгі конференцияның ұйымдастырылуын түсіндірді.

          Конференция жұмысы 3 күнге созылып, көкейкесті мәселелер қозғалады. Аталмыш шараға елімізге алыс - жақын (Франция, Италия, Швейцария, Ресей) шетелдерден келген және отандық ғалымдар қатысты.

          TEMPUS жобасы Университет қабырғасында осымен 3 жыл қатарынан абыроймен жұмыс істеуде.


PDF