Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мәскеудегі медиафорум

Мамырдың 13-і мен 15-і аралығында «Зарядье» паркінде «Еуразия кеңістігі» халықаралық медиафорумы өтті, оған журналистика мамандығының студенттері Регина Хасанова мен Адиля Аубакирова қатысты. Форум бірнеше кезеңнен тұрды, бастапқысы өтініштерді қабылдау болды. Финалистер Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Армениядағы, Белоруссиядағы және Ресейдегі студенттік бұқаралық ақпарат құралдарының жастары арасында таңдалды. Ең үздік шығармашылық жұмыстардың авторлары Мәскеуге шақырылды. Финалистер үшін семинарлар, пресс-конференциялар мен әртүрлі БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізілді. Олардың ішінде тележүргізушілер Екатерина Андреева, Дильбар Файзиева, Журналистер одағының төрағасы Владимир Соловьев, Артур Соколов, Аббас Джума, Эрнест Макеевичус, Ресей Журналистер одағының хатшысы Роман Серебряни және тағы басқалар бар.

Халықаралық бәйгеде біздің студенттеріміздің жұмыстары жақсы бағаға ие болды. Журналистика мамандығының 2 курс студенті Регина Хасанова жасаған «Қысқы қайырымдылық кеші» туралы репортаж финалға жолдама алды. Қуантарлығы, бұл шығармашылық жұмыс конкурсқа қатысуға өтініш білдірген 1000 үміткердің арасынан үздіктер қатарына таңдалып алынды. Репортаж «Газет, журналдар, теледидар және радио бағдарламаларын шығару» пәні бойынша дайындалды, жетекшісі аға оқытушы Амангүл Өстемірова.

регина хасанова

«Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының оқытушысы Мадина Болатованың жетекшілігімен әзірленген 3-курс студенттері мен Адиля Әубәкірованың бірлескен медиа жобасы ұжымдық номинацияға ие болды. «Қостанай қаласының қызықты орындары» жобасы да үздіктер қатарынан табылды. 14 мамырда жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды, ал студенттер Қазақстанға дипломдармен және естелік сыйлықтармен оралды.

Адиля Аубакирова

Форумның серіктестері мен ұйымдастырушылары Гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік академиясы, «Зарядье» паркі, Ресей Журналистер одағының Жастар орталығы, Президенттік гранттар қоры және Ресей Сыртқы істер министрлігі болды. Барлық шығындарды ұйымдастырушылар өз мойнына алды. 

Мұндай іс-шаралар Ресейдегі және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі студенттік журналистиканы қолдау мен дамытуға бағытталған.

Медиафорум в Москве


PDF