Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ - жемқорлыққа қарсы!!!

          2014 жылы 20-шы мамыр күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің акт залында Университетіміздің кеңейтілген ашық ғылыми кеңесінде республикалық деңгейде Елбасының жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын жүзеге асыруға байланысты «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру тұжырымдамасы» талқыланды. 

          Кеңейтілген кеңеске белгілі заңгер Сергей Жалыбин, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ректоры Асқар Нәметов және облыстық әкімдік, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура, ардагерлер және жастар ұйымы, үкіметтік емес ұйымдар, партия өкілдері мен университетіміздің профессорлық – оқытушылар құрамы және ҚМУ-дің кәсіподақ комитетінің өкілдері, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.

 

Өз алғы сөзінде Асқар Мырзахметұлы:

-     еліміздің болашағы жарқын, әрі жемқорлық болмасын деген ниетпен, 

Сіздерді қоғамда жемқорлықтың тамырын жою үшін, бірлесіп насихат жұмысын жүргізуге шақырып отырмыз. Сондықтан көпшілік болып,  «қоғамдағы жегідей жеген қалта құрты біздің оқу ордамызда болмасын» - деген оймен, біз осы көп бетті тұжырымдаманы дайындап шықтық, егер көңілдеріңізден шығып, тұжырымдама дұрыс деп санасаңыздар бір ауыздан қабылдауға шақырамын, - деді.

          Ректордан кейін көпшілік өз ойларын қосып, «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру тұжырымдамасын» бір ауыздан келісіп, қабылдады.


PDF