Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Мультимедиялық құралдарды қолданумен БОӨЖ (лек) өткізуді ұйымдастыру» тақырыбына мастер-класс өткізілді

Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының аға оқытушысы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Баранова Н.А., 2013 жылдың 23 желтоқсан айында экономика факультетінің базасында «Мультимедиялық құралдарды қолданумен БОӨЖ (лек) өткізуді ұйымдастыру» тақырыбына мастер-класс өткізді .

Мастер-классты өткізудің мақсаты педагогикалық шеберлікті жетілдіру үшін жас оқытушылардың ақпараттық және кәсіби біліктілігін дамыту болды.

Мастер-класста оқу барысында мультимедиялық презентацияны қолданудың арттықшылықтары және рөлі анықталды. Мастер-классты өткізу барысында мультимедиялық презентацияны рәсімдеуге және мазмұның бағалауға қатысушылардың қызығушылығы оянды, қызықты әңгімелесулер болды, оқытушылар сабақтарда мультимедиялық презентацияларды қолданудағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.  

Мастер-классқа жас оқытушылар және барлық қалаған оқытушылар қатысты.

 

 




PDF