Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында кезекті семинарлардың ашылуы өтті

2014 ж. 5 желтоқсан күні «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында «ҚР кәсіпқой бухгалтері» сертификатын алу үшін «ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық жәнге салық салу», «Азаматтық құқық» пәндерінен кезекті семинарлардың ашылуы өтті.


 

Семинарларды өткізу үшін  бірегей бағдарламалар құрастыру   кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары және тыңдаушылардың дайындық деңгейі еске алынды.    

ХҚЕС бойынша семинардың бағдарламасына келесі тақырыптар қарастырылды:

- халықаралық қаржылық есеп беру стандартына кіріспе;

- ХҚЕС қаржылық есеп беруін құрастыру және дайындау қағидалары;

- қаржылық есеп беруді ұсыну;

- есеп саясаты, есеп бағаларының өзгеруі және қателері;

- табыс;

- тәжірибелік есептер қатары.


 

Әрбір тыңдаушы жеке материалдармен қамтамассыз етілген:   слайдтар, дәріс материалдарының көрінісі және сызбалар, кестелер, модульдер және т.б.  

Бухгалтерлердің семинарына қатысушылардың арасында Қостанай облысының жетекші компаниялары қатысты («Аудит-Консалтинг LTD» ЖШС, «Казахдорстрой» ЖШС,  «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы Қостанай облысының әкімдігі» ММ және т.б.).

 

 

Өткізілген семинарлардың қорытындысы бойынша Қостанай облысының бухгалтер қызметшілері ХҚЕС аймағында өздерінің деңгейін көтерді, сонымен қатар қажетті білім алып, өздерінің  деңгейін дәлелдеу үшін «Қазақстан Республикасының кәсіпқой бухгалтері» сертификатына иеленуге қажет емтихандар тапсырды.

 

 

Бұл сұрақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлердің ұлттық сертификациясы бойынша өзекті болып табылады.    


PDF