Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономикалық факультеттің жаңа «жұлдыздары»!

2014 жылдың 7 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ акт залының сахнасында жаңа «жұлдыздар» жанды. Осы күні, Халықаралық студенттер күні қарсаңында, Экономикалық факультеттің 1 курс студенттері арасында «Здравствуйте, это-мы!!!» фестивалі өтті. Біздің жастар сабақтарын жақсы оқып қана қоймай, «сегіз қырлы, бір сырлы» болып шықты. Фестиваль қатысушылары қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды, би биледі және ән айтты.

«Вокал» номинациясында Темірбек Нұрбек, Айсина Алтынгуль және Кенеспаева Анель дуэті, «Ерекше жанр» номинациясында Волынец Марьям, «Көркем сөз» номинациясында Оразтай Индира фестиваль лауреаттары болып атанды.

 

                                                          


PDF