Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған кезекті «Нұрлы жол» Жолдауы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде де қызу қолдауға ие болды.

Жолдау туралы Университет ректоры А. Нәметов, ректордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры А. Әбсадықов, баспасөз жетекшісі А. Шаяхмет,  жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Б. Қалиев және басқа да университет қызметкерлері республикалық «Хабар», «24кз» және «Қазақстан» телеарналарына сұхбат беріп, өз ойларымен бөлісті.

Университет ректоры Асқар Мырзахметұлы;

- «Нұрлы жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаттың  елімізді

өркендетуге негіз болатыны анық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары әр жыл сайын 3 млрд. АҚШ долларына дейін қосымша қаражат бөлінетінін жариялады. Қазақстан Үкіметіне дер кезінде Қазақстанның әл-ауқаты мен әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. ҚР Үкіметінің басты міндеті - әлемдік экономикалық және қаржылай нарықта болып жатқан жаһандық мәселелерге сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына баса көңіл бөлу, - деді.

 

А. Байтұрсынов атындағы
ҚМУ-дің баспасөз хатшысы
М. Оспанов


PDF