Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Наметов Асқар Мырзахметұлы Құрмет Орденімен марапатталды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 12 желтоқсанындағы жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және  мәдени дамуындағы, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы, ғылым мен білім саласындағы ерен еңбегі мен қосқан жетістіктері үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Наметов Асқар Мырзахметұлы Құрмет Орденімен марапатталды.

Ректорымызды мемлекттік награда алуымен құттықтаймыз!

Болашақта жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!

 Университет ұжымы


PDF