Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

О

19 сәуірде университеттің акт залында «Жылдың үздік кураторы» байқауы өтті. Бұл жылғы сайыс Жастар жылымен байланыстырылды. Өйткені кураторлар жастармен тікелей байланыста, студенттерді өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын дамытуға, қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыруға ат салысады, тұлға ретінде жетілуіне керекті білімді, дағдыларды дұрыс қолдануға баулыйды. Үздік кураторлар сайысы – ұстаздардың кәсібилігін тағы бір рет көрсетуге мүмкіндік беретін, демек жастарға да, тәжірибелі тәлімгер-лерге де қатысуға лайық дода. Байқауға қатысқан кураторлардың әрбірі бір төбе, олардың пәндері де, қызмет ететін факультеттері де әр түрлі. Олардың бірлігі – күнделікті тірлігінде, жастарды үлкен өмірге тәрбиелеу жолындағы қызметінде, шығармашылық ізденіс жолындағы мақсатты қадамдарында. «Жылдың үздік кураторы-2019» байқауының  қатысушылары: 1. Селеуова Ляззат Амангелдіқызы, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеті; 2. Шандецкая Юлия Николаевна, әлеуметтік-гуманитарлық факультет; 3 Алтыбаева Гүлмира Қасымжанқызы, экономикалық факультет; 4. Бекмағанбетова Мақпал Төлепбергенқызы, инженерлік-техникалық факультет; 5. Әубәкірова Нұрсәуле Аманбайқызы, заң факультеті 6. Алдашева Динара Төленғалиқызы, ақпараттық технологиялар факультеті; 7. Исмаилова Жанар Байаршиновна, аграрлық-биологиялық факультет. Конкурстың талабы бойынша қатысушылар видеоролик тапсыруы керек және шығармашылық нөмір мен жеке тапсырма болды. Байқау комиссиясының шешімі бойынша «Жылдың үздік кураторы» атағы гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің оқытушысы Шандецкая Юлия Николаевнаға берілді. Ал екінші және үшінші орындарды инженерлік-техникалық факультетінің оқытушысы Бекмағанбетова Мақпал Төлепбергенқызы мен экономикалық факультетінің оқытушысы Алтыбаева Гүлмира Қасымжанқызы өзара бөлісті.    
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Ғылым қоры» акционерлік қоғамның төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазинмен кездесу өтті. Әнуарбек СұлтанғазинҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жалғыз акционер болып табылатын қор қызметі туралы толығырақ айтып берді. Қордың негізгі мақсаты– ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектілеріне ғылыми зерттеулерді, эксперименталды әзірлемелерді іске асыруда,нақты экономика қажеттіліктеріне жауап беретінғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларына көмектесу болып табылады. Әсіресе ол биотехнология, азық-түлік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобалар туралы әңгімелеп берді. Бұл жобалар біздің университет үшін өте маңызды, өйткені университетте құрылған зертханалар осы салаларда зерттеужұмыстарымен айналысады. «Ғылым қоры» АҚ басқармасының төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин Қазақстандағы коммерцияландыруды дамыту бойынша жобалар мен стратегиялық жоспарларға гранттық қаржыландыруды жүзеге асыру нәтижелерімен бөлісті. Ол гранттық жобалардың көлемі 300 миллион теңгеге жететінін атап өтті. Бұдан басқа, оқушылар мен жас ғалымдарды ғылымға тарту қажеттілігі туралы айтылды.  
Мектеп және колледж түлектеріне   А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Ақпараттық технологиялар факультетінде,  2019ж. 15 мамыр куні сағат 14.00-деашық Есік Күнін өткізу аясында Әдістемелік инновациялар; сағат 15.00-де өткізіледі. Облыстық мультимедиалық жобалар байқауы 9-11 сынып оқушылар арасында, орта мектептер мен колледждердің бағытталған шығармашылық бастамаларын қолдану  аясында  кеңейтуге ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологиялар.    Ережеге сәйкес конкурс өткізу туралы мультимедиялық жобаларды осында танысуға болады.    Қатысуға шақырамыз!   
       Экономика факультетінде әдістемелік инновация айы аясында «Қаржы және банк ісі» кафедрасы «Мен-қаржыгермін (мамандығы бойынша Үздік») атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойынға 4 топ қатысты - 2 және 3 курс студенттері.        Қазылар алқасының құрамына «Ресей Жинақ Банкі»  АҚ ЕБ ҚФ карточкалық өнімдер және эквайринг бөлімінің бастығы Дускенов Диас, инновациялық білім беру технологиялары зертханасының меңгерушісі Айткужинова Сауле Нуртасовна, тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасары Абдрахманова Асель Дуйсенгалиевна, 6М050900 –Қаржы мамандығының 1 курс магистранты Аманжолов Батыр шақырылды.        Ойын 4 кезеңнен тұрды: «Жаттығу« Қаржы туралы шындық немесе өтірік», «Өз ойыны «Ақыл шайқасы», «Қаржылық пирамида», және  «Киноқаржысы» тапсырмасы барлығы үшін.        Ойын достық жағдайда, ұжымшылдық рухында, топта ойнай білу жағдайында өтті. Топ қатысушылары жоғары теориялық білімдерін, тапқырлығын, шығармашылық қасиеттерін көрсетті. Бірінші орынды «Finmen» тобының «Қаржы» мамандығы бойынша ТжКБ 2 курс студенттері иеленді.         Ойынның қорытындысын шығарғаннан кейін, қазылар алқасының мүшесі «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ ҚФ карточкалық өнімдер және эквайринг бөлімінің бастығы Дускенов Диас осындай іс-шараларды «Жастар жылы» өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қаржы» мамандығының көптеген түлектері банк құрылымында табысты еңбек етуде, еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін бітірушіге қандай талаптар қойылатыны туралы айтылды     Осындай іс-шаралар өзін-өзі дамытуды  ойлайтын жастардың дәрежесін көтереді, мамандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға бағыттайды.      
       А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінде, Жастар жылының ашылуына арналған конференция өтті. Бұл іс-шарада біздің студенттердің көшбасшылары мен университет қонақтары қатысқан. Солардың қатарында "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалы "Жас Отан" жастар қанаты төрағасының орынбасары – Молдағалиев Сабыр Дулатұлы, Қостанай облысы бойынша "Zhas project" үйлестірушісі –Тулетаев Ерлан Серікұлы, сондай – ақ Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы "Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім» басшысы – Шаймұрынов Саят Жұматұлы сөйледі.      Сонымен қатар, Мемлекет басшысының ғылыми, патриоттық және саяси даму тапсырмалары қозғалды. Әсіресе, волонтерлер мен жұмысқа орналасуға бағытталған жобалар ұсынылды.        Патриоттық және саяси даму мәселелері қозғалды. Оларды Қостанай облысындағы "Жас сарбаз" балалар – жасөспірімдер әскери - патриоттық қозғалысы филиалының төрағасы – Ержан Ахметов, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы – Еркебұлан Баян және "Ахмет Ұрпақтары" пікірсайыс клубының президенті - Камза Азамат атап өтті. Олар Елбасының волонтер, жастардың ғылыми және мәдени дамуы туралы тапсырмасын атап өтті.                                 
    2019 жылдың 31 қаңтары күні сағат 14.00-де №2 корпустың №103 аудиториясында арнайы шақырылған КМҚК "Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және күресу"мекемесінің профилактикалық бөлімінің маманы С.А. Кадронмен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі міндеттері: студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандырылуын кеңейту; студенттерді өз денсаулығын сақтауға көмектесетін ақпаратты өз бетінше іздеуге ынталандыру; АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Іс - шара барысында маман АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтып, ЖИТС ОО статистикалық мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, қазіргі кездегі мәселенің өзектілігін атап өтті. "Правильные решения - все, что нужно знать о о ВИЧ "атты бейнеролик көрсетілді. Қараудан кейін АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша пікірталас өткізілді. "Ми шабуылы" және "тәуекел дәрежесі" тренингтері өткізілді. Аграрлық-биологиялық факультет, 1 курс                                 
1 2 3 4 5