Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Польшаның ҚР-ғы Төтенше және өкілетті елшісі ҚМУ-де

Польшаның Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, ғылым докторы, Варминьско-Мазурский университетінің саясаттану институтының профессоры Селим Хазбиевич А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне жұмыс сапармен келді. Ол университеттің оқытушыларымен, студенттермен кездеседі. Ал «Қазақстан тарихы» кафедрасының магистранттары мен докторанттарына «Польша-Литва татарлары және Алтын Орда», «Жаңа заман дәуірінде Польша мен Ресей империясының геосаяси қатынастары» («ХҮ1-ХХ ғғ.»), «Интеграция. Интеграцияның тарихы мен генезисі» тақырыбында дәріс оқылады.

Қонақтар Қостанайға келсімен ҚМУ-нің «Парасат» цифрлық орталығында, «Білім орталығы» ғылыми кітапханасына ат басын бұрды. Түстен кейін Польшаның елшісі университеттің ректоры Алма Досжановамен кездесті. Онда екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды, сондай-ақ екі елге тән жоғары білім беру мәселелері - студенттердің өзге елдерге кетуі, жұмыспен қамту және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері талқыланды.

 Польша елшісі

Польшаның Қазақстандағы елшісі


PDF