Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Жас кәсіпкерлердің әлуетін дамыту» тәжірибелік семинары

 

 

2014 жылдың 19 желтоқсанында М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ базасында ЗТҰ «Қостанай облысы кәсіпкерлеріне қолдау жасау ассоциациасы» өкілдерінің қатысуымен тәжірибелік семинар өткізілді. Семнар жастар кәсіпкерлігінің дамуы мен өрбуіндегі жағымды үрдістерді қолдауға бағытталды.   

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің  5В050900-Қаржы мамандығының соңғы курс студенттері  жастардың  кәсіпкерлік үрдісін ашу, жастарды кәспкерлікке тартуға бағытталған   деректі жүйелі шараларды жүзеге асыру арқылы жас кәсіпкерлердің құзырларын арттыру мәселелерін талқылауға қызу қатысты.

АСПреДКО өкілдері, өздерінің білімдері мен жетістіктеріне, тәжірибелеріне сүйене отырып, өз әлуеттерін іске асыру мүмкіндіктері, мемлекетіміздің кәсіпкерлік саласындағы басымды шаралары және КДФ «Damu» базасындағы «Жас кәсіпкер мектебі» туралы айтып берді.

Жас кәсіпкерлерді қолдау шарасында  өткізілетін «Жас Даму» семинарына белсенді қатысқан 3 курс студенттері дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 



PDF