Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының тәжірибеге-бағытталған сабақтары

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы Қостанай облысының: ТОО «Аудит-Консалтинг LTD», ТОО «Аудиторская компания «ЕСЕПАУДИТ»», ТОО «Аудиторская компания Кенесаудит», ТОО «Салык-Комек», ТОО «Аудит-Мечта» аудиторлық және консалтингтік компанияларының базаларында тәжірибеге-бағытталған сабақтарды өткізу мақсатында кафедра филиалдарын ашу туралы келісім-шарттар жасалды.

 

                  

 

 «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері Қостанай облысы Аудиторлар Ассоциаация Өкілдігінің директоры  Мусабекова  Шарбану Адылгазыновнамен (ТОО «Аудит-Консалтинг LTD) кездесті.


 

Мусабекова, университет тұлегінің шынайы жұмысқа тұру мүмкіндігі болу үшін оқу үрдісінің тәжірибеге-бағытталған құрамын күшейту қажет екені  заманауи еңбек нарығының талабы болып тұрғанын растады. 

Студенттер тәжірибеге-бағытталған сабақтардың өндірісте өту ерекшеліктерімен таныстырылып, кафедра филиалдарына 4-6 адамнан тұратын 5 топқа бөлінді.  Сабақтар 3 кредитті «Салықтық міндеттер бойынша есеп және есеп беру» пәні бойынша жүргізіледі.

 


Сабақтардың мақсаты – бухгалтерлік (салықтық) есептерді тексеріп, олаға талдау жасай алатын, шаруашылық субъектінің түрлі құрылымдарымен салық міндеттері бойынша байланысымен шаруашылық операцияларын  бірдейлестіре алатын жоғары білікті мамандар дайындау.



PDF