Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Тұңғыш Президент күні» аталып өтті

2014 жылғы 27 қараша күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күнін» мерекелік концерттік бағдарламамен  атап өтті.

Аталмыш іс шараның ашылу салтанатында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің бірінші проректоры О. Тағаев мырза құттықтау сөз сөйлеп, барлық оқытушыларды, студенттерді және келген қонақтарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Кейін студенттердің күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласып, барша қонақтарға тамаша көңіл күй сыйлады.

Концерт соңы студенттерді марапаттау салтанатымен жалғасын тапты.

Университет басшылары мен студенттері Елбасына қажымас қайрат, зор денсаулық, елімізге тыныштық тілеп, жадыраңқы көңілмен тарқасты.



PDF