Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қытай Халық Республикасынан келген профессор экономикалық факультетте

«Қаржы және банк ісі» кафедрасының үйымдастыруымен ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Синьцзян университетінің  профессоры Ерлан Кудуз (КХР) А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ – не келді. Шетелдік ғалым университетте 2014 жылдың 2 – 13 желтоқсан күндері аралығында  болады деп жоспарланып отыр.

Профессор Ерлан Кудуз 5В050900-Қаржы, 5В051000-МЖБ, 5В050800-Есеп және  аудит мамандықтарының студенттеріне шет елдердің  қаржысы туралы сұрақтар бойынша күнделікті  дәрістер мен кеңестер жүргізіп жатыр.

2014 ж. 03 желтоқсан күні профессор Ерлан Кудуз оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абсадықов А,А. кездескен соң Ахмет Байтұрсынов мұражайын және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мұражайын аралап шықты.

 


PDF