Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Жас Даму» бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін қолдауға

2014 ж. 14 қарашасында 5В050900-Қаржы мамандығының студеттері мен магистранттары «Өз ісіңді жасау және дамыту негіздері» атты семинар-жаттығуғу қызу қатысты. Бұл шараның ұйымдастырушысы: «Жас Даму» бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін қолдау шарасы аясында  жұмыс істейтін «Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау қауымдастығы» ЖЗТ. Аталған шара МК «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру жұмысының аясында атқарылды. Жаттығу барысында қатысушылар бизнесті жүргізудің негізгі аспекттері мен бизнес-жоспарлау негіздерінен ақпарат алды; кәсіби қызметте пайдалануға қажет басқару құралдарымен танысты, кәсіпкерлік секторды дамытуға бағытталған қандай мемлекеттік бағдарламалар бар екендігін білді.  

 



PDF