Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Елбасының «Нұрлы жол» жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты халыққа арнаған жолдауын түсіндіру жұмыстарын өткізу аясында 2014 жылдың 21 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ №2 ғимараттың акт залында экономикалық, аграрлы-биологиялық, инженерлі-техникалық, ветеринарлық және мал дәрігерлік технологиясы факультеттерінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесу жүргізілді.

Жиналған халықтың алдында оқу және тәрбие жұмысы бойынша проректор А. Абсадыков, философия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., тарих магистры Д.Качеев, т.ғ.к., философия кафедрасының аға оқытушысы Ж. Шаукенов сөз сөйледі. 



PDF